Қазақстанда шығармашыл субъектілер үшін салықты жеңілдетті

Сурет: pixabay
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр бұл туралы Facеbook-тағы парақшасында жазды. Ол мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірге кешенді жұмыс істегендерін атап өтті.

"Негізгі мақсатымыз шығармашылық субъектілеріне салықты жеңілдету еді. Осы кешенді жұмыстың нәтижесінде үкімет ( ҚР ҮҚ #1240 29.12.2023ж.) қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес 40 қызмет түрі арнайы бөлшек салық режиміне өтті. Бұл дегеніміз бизнес КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылғанын білдіреді. Аталған қызмет түрлерімен айналысатын субъектілер енді бірыңғай салықты ғана төлейді. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін 2%-дан 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін болады. Тек компанияның жылдық айналымы 2,2 миллиард теңгеден аспауы, ал штатта 200 адамнан көп болмауы қажет", - деп жазды Аида Балаева.

Салықты жеңілдету кино, бейнеконтент пен телебағдарламаларды өндіруге және одан кейінгі өндіріске, музыкалық шығармаларға дыбыс жазу мен басып шығаруға, театр және музей өнеріне, сәулет және дизайнға, қолөнер бұйымдарына, халық шығармашылығына және кәдесыйлар өндірісіне әсер етеді.

Министр осы қолдау шарасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибені мұқият талдағанын атап өтті.


"Ең озық елдердің (Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея) тәжірибесі креативті индустрияны дамыту үшін салықты жеңілдетуге ерекше мән беру керектігін көрсетеді. Аталған жұмыс саланы ауқымды дамытуға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі. Бұл осы саладағы игілікті бастамалардың бірі деп білеміз", - деп қосты министр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты