Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болды

Сурет: primeminister.kz
Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Әліқұлов Шымкентбайұлы мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды", - делінген үкімет хабарламасында.

Ербол Әліқұлов мемлекеттік қызметте түрлі қызметтер атқарды. Алматыда Түрксіб және Алмалы аудандары әкімінің орынбасары, Жетісу ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Кейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болды, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды. 2017 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз