Димаш "When I’s Got You" жаңа бейнебаянының тұсауын кесті

Сурет: dimashnews.com
26 ақпанда Ыстамбұлда Димаш Құдайберген "When I’ve got you" атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті. Премьера өнерпаздың Түркияда өтетін жеке концертіне байланысты баспасөз конференциясы аясында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі: "Жеке өмір салтын ұстанатын әлемге әйгілі әнші өзінің алғашқы ашық сұхбатын беруге шешім қабылдады. Ол таңдаған жас журналист "Ал, егер…" деп басталатын түрлі уайымға толы сауалдары көбейіп, қатты қобалжып, уайымға салынды.

"Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз", - деді режиссер.

Ғалым Асылов пен жобаның екінші режиссері әрі желілік продюсер Жәнібек Ғұсманов түсірілім барысы өте қызық болғанын және Алматыда өткенін хабарлады.

Бейнебаянға 70-тен астам Қытайдан келген мамандардың тартылып, шығармашылық топ жұмыс жасады. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз