Димаш Құдайберген Латын Америкасы тыңдармандарының жүрегін жаулауда

Сурет: dimashnews.com
Латын Америкасының "Andromeda" радиостанциясының "Димаштың ғаламы" бағдарламасында жерлесіміздің "When I’ve Got You" атты жаңа әні алғаш рет шырқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тыңдармандарға шығарма ұнағаны сонша, олар радиожүргізушілерден оны қайта қоюын өтінді. Universo Dimash (Димаштың ғаламы) бағдарламасы алғаш рет осыдан тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Алғыс айту күні мен Наурыз мейрамының қарсаңына орай эфирге шыққан еді, деп хабарлайды Dimashnews.com.

Димаштың әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиосынан шырқалған болатын. Ал бұны ұйымдастырған әншінің халықаралық Mahabbat Dears фан-клубы еді.

Эфирдің тыңдаушылар арасында үлкен толқу мен сұраныс тудырғаны сонша, Andromeda Radio жүргізушілері толығымен қазақстандық орындаушының шығармашылығына арналған жаңа бағдарлама жасауды ұйғарды. "Димаштың ғаламы" атты бағдарлама құрылғаннан бері эфирде 14 эпизод жарық көрді.

28 ақпан күнгі радиостанцияда қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің көптеген туындыларының шығу тарихы баяндалып, әндері шырқалды. Тыңдармандар "When I’ve Got You" жаңа әнінің тұсаукесерінен ләззат алып, сондай-ақ: Battle of Memories, Neverland, War and Peace, Our Love, Be Happy, The meaning of eternity, Restart my love, The Crown және т.б. қытай әндерін ерекше әсермен тыңдады.

Айта кетсек, 26 ақпанда Ыстамбұлда Димаш Құдайберген "When I' ve got you" жаңа туындысының бейнебаянын ұсынған еді. Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен режиссер Ғалым Асыловқа тиесілі. Түсірілім Алматыда өткен. Оған Қытай мамандарын тарта отырып, 70-тен астам адамнан тұратын шығармашылық топ жұмыс істеді. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз