Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға қазақы дәстүрмен шапан жапты

Сурет: видеодан алынды
Димаш Құдайберген атақты опера әншісі Пласидо Домингоға құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен арқасына шапан жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ыстық ықыласқа толы сол бір сәттің суретін әнші Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген ХХ ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн - ертеңгі тарих", деп жазды желіде Димаш Құдайберген.


Айта кетсек, Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында бірге ән шырқап, көрермендерге ұмтылмас керемет көңіл-күй сыйлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз