Иса Байзақов ұстаған көне домбыра табылды

Қазақстандағы көне домбыраның бірі Ертіс ауданынан табылды әрі оны ақын, әнші-композитор Иса Байзақов ұстағаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауылпаз ақынның өз қолымен ұстаған мұндай жәдігер өңірімізде тұңғыш рет табылып отыр. Көне аспап жайында Исаның Үлгілі ауылындағы музейін алғашқы ұйымдастырушы, ардагер ұстаз, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Күләш Әбиева әңгімелеп берді, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Сурет: pavlodarnews.kz

"Бұл домбыраны ақын 1942 жылы туған жеріне келгенде досы Мүпти Ахметовке тарту еткен. Бұл өңіріміз үшін таңғаларлық жаңалық болып отыр. Себебі, ақынның туған жеріндегі музейлерде мұндай жәдігер жоқ", – деп атап өтті ардагер ұстаз Күләш Әбиева. 

Сондай-ақ, келер жылы тұлғаның туғанына 125 жыл толады. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ақынның мерейтойы қарсаңында зерттеу-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Соның бір нәтижесі – осы көне жәдігер. 

Аталған кеште әнші Мағжан Ысқақ дауылпаз ақынның әндерін шырқады.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: