Қазақтың күй атасы Әбдімомын Желдібаев дүниеден озды

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
"Ерке сылқым" күйімен кеңінен танымал, атақты күйші әрі композитор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Марқұмның жаназасы 14 сәуірде сағат 11-00-де Шу ауданы, Төле би ауылы, Төле би мешітінде шығарылады. Жаназа асы 14 сәуірде сағат 12:00 Шу қаласындағы "Сұлтан Палас" мейрамханасында беріледі, делінген қазаға байланысты әлеуметтік желіде таратылған хабарламада.

Әбдімомын Желдібаев 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияны бітірген.

Композитордың "Арман құс", "Толғау", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", "Абай арманы", "Жамбыл толғауы", "Тұран елі" сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.

Күйшінің атақты туындысы - "Ерке сылқым" күйінің құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады