Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайбергеннің аргентиналық, уругвайлық, мексикалық, венесуэла және испаниялық жанкүйерлері Аргентинадағы орман өрттері сияқты табиғи апаттардан зардап шеккен жерлерде ормандарды қалпына келтірумен айналысатын Патагония достарының қауымдастығы үшін Солтүстік Аргентинадан 300 ағаш сатып алды.

Димаш Құдайбергеннің OMIR туындысынан шабыттанған dears:

"Біздің өмір жолымызда кездескен әрбір адамның өзіндік орны бар. Біз табиғаттың ең құнарлы бөлігі жер сияқтымыз. Кейбір адамдар басқалардың жүрегінде гүлдеген махаббат дәндері сияқты. Олар өне бойларына сұлулықты, сүйіспеншілікті, мейірімділік және нәзіктікті сіңіре білген. Димаштың дауысы – бір-бірімізді құрметтеуге, бір-бірімізді сүюге, бейбітшілік орнатуға және ғаламшарымызды әрқайсымыздың үйіміздей күтуге шақыратын тамаша хабар" , - деп барлығын бірігуге шақырды.

OMIR жобасының алғашқы қадамы Акамбуко – Сальта – Аргентина табиғи қорығына 300 ағаш жөнелтумен басталды.

Бұл қорық Аргентинаның солтүстігіндегі өсімдіктің әр түрі өсетін (субтропикалық джунгли) Сальта провинциясында орналасқан. Quina Colorada, Urundales, Robles Criollos, Lanzas Blancas, Simaras, Pacaras және Horcos Cebiles сияқты ағаш түрлері Акамбуко қорығының питомнигінің жұмысы арқылы алынды. Бұл бастама кейінгі жылдары өрт салдарынан зардап шеккен өңірдің биоалуантүрлілігін қалпына келтірудегі елеулі қадам болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты