Абай театры 90-мерейтойлық маусымын "Сильфида" балетімен жабады

8-9 маусымда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры 90-мерейтойлық маусымын Х.Левенсхольдтың "Сильфида" романтикалық балетінің жаңа қойылымымен жабады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сильфида" балеті – бізге жеткен ең көне классикалық балет өнерінің жаңа дәуірін ашқан романтикалық-хореографиялық спектакль. Әлем классикасының жауhары – театр сахнасында ұзақ жылдар қойылып келген, ал бұл қойылымның ерекшелігі балет өнерінің жаңаша түрленуінің көрінісі.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар қойылымда балет әртістерінің киім үлгісі де, музыка ырғағы, сахналық декорациялар толықтай өзгеріс енген.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңадан жаңғырған "Сильфида" Алматының мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі және алматылықтар мен қала қонақтары үшін жағымды жаңалық болмақ.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Спектакльге республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, балет әртістері Жәнел Түкеева, Богдан Вербовой, Әмір Жексенбек, Айман Егісбаева, Айгүл Дүйсекова, Сырым Аюпов қатысты.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қоюшы-дирижер ретінде Абай атындағы ҚазҰОБТ бас дирижері Нұржан Байбосынов сөз сөйледі.

Қоюшы-балетмейстер – Мариин театрының әйгілі балет әртісі, Benois de la Danse, "Золотая маска", "Золотой софит" сыйлықтарының лауреаты Леонид Сарафанов.

Қоюшы-суретші Ресейдің халық суретшісі Вячеслав Окунев болды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: