"Талақ" қазақ фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды

Сурет: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы
Қазақстан режиссері Данияр Саламаттың "Талақ" фильмі Шанхай фестивалінің толықметражды фильм номинациясының "Алтын кубогын" иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ фильмі әлемнің үздік 14 фильмін басып озып, бас жүлдеге ие болды. Данияр Саламаттың Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірген "Талақ" фильмі Шанхай фестивалінің толықметражды фильм номинациясының "Алтын кубогын" иеленді. Шанхай фестивалі - "А" класына жататын 10 фестивальдің бірі, деп хабарлайды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі.

"Талақ" фильмінде басты рөлді Ерболат Әлқожа сомдаған. Фильм Бейімбет Майлиннің шығармалары желісімен түсірілген. Сондай-ақ актриса Амира Омарова "Ең үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Айта кетсек, Шанхай халықаралық кинофестивалі 1993 жылдан бері өткізіліп келеді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі