Джеки Чанның көптен күткен "Аңыз" фильмінің саундтрегін Димаш Құдайберген орындады

Сурет: Instagram/nathanwang888
12 шілдеде Джеки Чанның фильмі жарыққа шықты. Аталған фильм саундтрегін Димаш Құдайберген орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Джеки Чанның көптен күткен "Аңыз" фильмінің соңына қарай Димаш орындаған This Love әні шырқалады. Бұл жаңалықпен саундтрек музыкасының авторы - маэстро Нейтан Ванг өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Маэстро Димашпен жұмыс істеу өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтады.

Әннің өзіне келетін болсақ, композитордың айтуынша, фильмнің қысқартылуына байланысты оны аздап өңдеуге тура келді.

Сурет: Instagram/nathanwang888

Бұған дейін әнші Stranger әлемдік туры аясында Астанада да жеке концерті өтетінін жариялаған болатын.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды