Қазақстандағы тұңғыш кәсіби дирижер әйелдің туғанына 80 жыл толды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандағы тұңғыш кәсіби дирижер әйел Раиса Садықованың туғанына — 80 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біртуар тұлға Қазақ ұлттық аспаптық оркестрінің әртісі болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болды.

Дирижердің репертуарында симфониялық музыканың жауһарлары, опера және балет спектакльдері, қазақ классикасының інжу-маржандары бар. Ол симфониялық оркестрге ғана емес, "Отырар Сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестріне және Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестріне де дирижерлік етті. Көптеген жылдар бойы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда педагогикалық қызмет атқарды.

Раиса Садықова Қазақстан тарихына симфониялық оркестрдің алғашқы кәсіби әйел дирижері ретінде енді. Оның шығармашылық қолтаңбасы сирек кездесетін шынайы музыкалық дарынымен,  әртістік қабілетімен, жоғары кәсіпқойлық және ерекге техникасымен ерекшеленді.

Дирижерге ерен еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді