Айжан Байзақованың інісі ұсталғаны жайлы кадрмен бөлісіп, істің мән-жайын айтты

Сурет: Instagram/baizaakov, коллаж Динара Халдарова
2024 жылдың 15 тамызы қарсаңында алматылық блогер Әлихан Байзақов өзінің ұсталғаны туралы ақпараттан кейін, Instagram желісіндегі оқырмандарымен байланысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, оны қылмыстық топты қаржыландыру, сондай-ақ бопсалау күдігі бойынша ұстаған.

"Менің ешқандай бопсалауға және жалпы ОПГ-ге де ешқандай қатысым жоқ. Маған жамандық тілейтіндердің барлығына мен екі есе жақсылық тілеймін... Қалай болғанда да, бұл менің жақындарым үшін үлкен сабақ және стресс, мұны ешкімнің басына бермесін",-деп жазды Әлихан Байзақов өзінің ұсталуының кадрларын жариялап.

Сондай-ақ, ол өзінің адвокаттарына ерекше алғыс білдірді.

Айтпақшы, жазылушылардың көпшілігі блогердің бұл әрекетін "пранк" немесе "қара пиар" деп атап жатыр.

Ал, Айжаннан оқырмандары інісіне қатысты болған жайт туралы неге түсініктеме бермейтінін сұрады.

"Не деп түсініктеме беруім қажет?! Біз сол күні қатты стресске түстік. Мен барлығын бейнеқоңырау арқылы көрдім. Енді ғана өз-өзіме келгендеймін. Бірақ сіздер уайымдамаңыздар, қазір бәрі бірқалыпты. Жақсы болмаған жағдайда ол оқырмандарымен байланысқа да шыға алмайтын еді". Айжан Байзақова

Сурет: Instagram/bayzakova

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек