"Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса тұрмысқа шықты

Сурет: Instagram/almiratursyn
"Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы актрисаның Instagram-дағы парақшасында 2024 жылдың 11 қыркүйегінде жариялаған видеодан белгілі болды. Видеодан 33 жастағы актрисаның  қалыңдықтың ақ көйлегінде жүргенін көруге болады.  Ол жұбайының кім екенін ашып айтпаған. 

Айта кетсек, бұған дейін актриса мешітте түсірілген видеомен бөліскен еді. Видео астында қарша бораған сұрақтардың біріне актриса: "Неке қию сәті" деп жауап берген.

Жалпы, Альмира Тұрсын өзінің жеке өмірі туралы мәліметтерді ашып айта бермейді. Белгілісі, 2021 жылдың қазан айында ол күйеуімен ажырасқан. Бір ұлы бар. Кейін актрисаның "Томирис" тарихи фильмін түсірген отандық режиссер Ақан Сатаевпен көңіл жарастырғаны туралы алып-қашпа сөз тараған.

Альмира Тұрсын Mrs globe халықаралық сұлулық байқауында екінші орын алған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері

ҚР ІІМ: дауыс беру барысындағы қоғамдық тәртіп толық бақылауда