Тоғыз жылдан кейін орын алған қуанышты хабармен әншінің жұбайы бөлісті.
"Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі — ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын",- деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол аяғы ауыр екенін көрсететін әсерлі бейнемен бөлісті.
Оқырмандар таңданыстарын жасырмастан, құттықтап, сәбидің аман-есен дүниеге келуін тіледі.
- Құтты болсын, ама-есен балапаныңызды бауырыңызға басыңыз...
- көз тимесін! Мейрамбек екеуіңнің ұрпақтарың көбейе берсін
- Құтты болсын! Аман есен босанып алыңыз!
- Тіл көзден аман болыңыздар. Өздеріңіз 100 жасап, ұрпағыңызбен мың жасаңыздар.
- Қуанып ел болып бесік тойды тойлауға барайық
Айта кетейік, 8 шілдеде Мейрамбек пен Мархабат 20 жыл бірге болуына орай, фарфор үйлену тойын өткізді.
Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар: қызы Кәусар (2007 жылы туған) және Ұлы Әбухайыр (2015 жылы туған).