Мүмкіндігі шектеулі жандар мәдени ойын-сауық мекемелері өткізетін іс-шараларға тегін қатыса алады

Сурет: Zakon.kz
2024 жыл барысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мемлекеттік мәдени ойын-сауық мекемелері өткізетін іс-шараларға тегін қатыса алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Қазақстанда "Шекарасыз мәдениет" акциясы жарияланды. Ол Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі – Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай орайластырылған. 

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.

"2024 жылғы 13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өтетін акция аясында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мемлекеттік мәдени ойын-сауық мекемелері өткізетін іс-шараларға тегін қатыса алады. Акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттыру, елдің мәдени өміріне қатысуын қамтамасыз ету және олардың проблемаларына қоғам назарын аудару", деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Бейінді мемлекеттік мекемелердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына ерекше қажеттіліктері бар балалар мен бірінші және екінші мүгедектік тобы бар ересектер тұрақты түрде тегін қатыса алатынын атап өту қажет. Үшінші топ үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі