Димаш Құдайберген Қытайдағы басты жаңа жылдық концертте өнер көрсетті

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
2024 жылдың 26 желтоқсанында Қытайдың Чэнду қаласында жаңа жылдық концерт өтті. Атақты жергілікті жұлдыздармен қатар қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

dimashnews порталының ақпаратынша, Димаш өзінің репертуарындағы қытай тіліндегі әдемі лирикалық әндердің бірі – "The Crown" әнін орындады. Бұл ән 2017 жылы шыққан қазақстандық композитор Ұлықпан Жолдасовтың "Кім екен" туындысының қытайлық нұсқасы.

Әнші концерттен шағын үзіндінің өзінің Instagram парақшасына жүктеді.

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген танымал қытайлық әнші Вэй Вэймен дуэтте "Join Hands" әнін орындады.

Әншінің жанкүйерлері әдеттегідей қолдау көрсетті.

Бұған дейін Джеки Чанның "Каратэ-бала" фильміне түскені хабарланған болатын.

Қазақстан
Қытай
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты