Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне жүгінді

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қуантуға шешім қабылдады. Композитор өзінің фандомының 8 жылдығына орай су жаңа әннің премьерасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құдайберген өз жанкүйерлеріне арнаған үндеуінде 30 қаңтар мереке екенін айтты.

"Құрметті достар, менің сүйіктілерім Dears! Бүгін 30 қаңтар – біздің ортақ мерекеміз. 2017 жылғы сол бір есте қаларлық күннен бастап, сіздерге алғаш рет осылай Dears деп атағаныма бүгін 8 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде біз концерттік турларыммен Қазақстаннан бастап Азия, Америка, Еуропаға дейінгі көптеген қалалар мен елдерді араладық… Сіздердің ерекше ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін, менің шығармашылығыма қызығушылық танытып, маған сенім артқандарыңыз үшін сіздерге айтар алғысым шексіз",- деп жазды ол.

Әрі қарай әнші мерекеге орай жаңа әннің премьерасын жариялады.

"7 наурызда әлемге әйгілі композитор және продюсер Вальтер Афанасьевтің жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы жасаған туындыны жарыққа шығарамыз. Бұл "Love’s not over yet" әні. Сіздерге ұнайды деген үміттемін!"Димаш Құдайберген

Жанкүйерлері жаңалыққа қуаныштарын жасырмай, қолдау білдіріп жатты.

Бұған дейін Атырау облысында Сармат дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлер табылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды