Испания астанасында Димаштың жаңа әнінің құрметіне арналған билборд пайда болды

Сурет: dimashnews.com
18 наурызда Мадридте, халық көп жүретін Legazpi метро станцияларының бірінде Димаш Құдайбергеннің Love’s not over yet жаңа әнінің құрметіне арналған билборд пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Билборд вокзал арқылы өтетін мыңдаған жолаушы қазақстандық әншінің шығармашылығымен танысуы үшін бір ай бойына сонда болады.

Билбордта кез келген адамға әндерді тыңдауға мүмкіндік беретін QR код бар. Бастама Димаш Құдайбергеннің Dimash Qudaibergen Official Fan Club Spain және Great Kazakh Voice бірлестігінің арқасында жүзеге асты.

"Бұл - Испаниядағы бірінші жоба, бірақ соңғысы емес екеніне сенімдіміз", – деп атап өтті акцияға қатысушылар.

Бұған дейін дәл осындай жоба Перуде жүзеге асырылған болатын, онда Dears да "Love is not over yet" музыкалық бейнебаянының премьерасына арнап билборд ұйымдастырып, әнші мен оның музыкасын қолдаған еді.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің биыл шетелде жаңа концерті өтетіні жарияланған болатын.

Қазақстан
Еуроодақ
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді