Say mo-ның ізімен: Актер Шәріп Серік жаңа сүйіктісіне де қол көтерген

Say mo-ның ізімен: Актер Шәріп Серік жаңа сүйіктісіне де қол көтерген Сурет: Instagram/aliya_booteyeva
Алматылық бойжеткен Әлия Бутеева танымал қазақстандық актер Шәріп Серіктің өзіне қол көтергенін айтып, желіге дәлел ретінде сурет пен бейне жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бойжеткеннің сөзінше, олар актермен қарым-қатынаста болған.

"Ең қорқынышты түсімнің өзінде, сүйікті адамы қол көтеретін қыздардың қатарынан боламын деп ойламағанмын. Бірақ бұл жайт орын алды. (...) Жазбамда тек бір нәрсені айтқым келеді, өкінішке орай, алғашқы сәттен-ақ арыз жазып, қарсылық көрсетіп, одан ештеңе күтпей, шыдамдық танытпауым керек еді. Шокта болғаным соншалықты, болып жатқан жайттарға сене алмадым",- деп жазды Әлия Бутеева жазбасында.

Бутеева лифтке кіріп бара жатқан бейнесін жариялады. Онда оның ізімен Шәріп Серік келіп, оны жұлқып, лифттен шығарып алғанын көруге болады. Бұған қоса, қыз бетінің қызарып қалған суретін жариялады – қызару соққыдан болуы мүмкін.

Желі қолданушылары Шәріп Серікті жазғырып, бойжеткенге қолдау білдірді. Олардың арасында актердің экс-жұбайы әнші Say mo-да бар.

"Сені толығымен түсінемін және қолдаймын",- деп жазды Say mo.

Бұдан бөлек, желідегі танымал қоғам белсенділері мен өзге де өнер иелері пікір жазды.

Еске салсақ, актер Шәріп Серік пен әнші Say mo 2020 жылы шаңырақ көтерген болатын. Алайда, жұлдызды жұп көп ұзамай айрылысты. Ол кезде де Say mo актерді "қол көтерді" деп айыптаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр