Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырмақ

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 26 мамырда Димаш Құдайберген Almaty Arena стадионында "D and Dears" атты фан-кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара әншінің туған күніне орай өткізілмек, бұл жайлы Димаш өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Менің туған күніме орай, 26 мамырда Almaty Arena стадионында "Stranger" концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын "D and Dears" атты фан-кездесу өтеді!Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар".Димаш Құдайберген

Ал 27 мамырдан бастап Астанада өткен "Stranger" шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі!

"Кездескенше! Сіздерді ерекше жақсы көремін",- деп қорытындылады ол.

Сурет: dimashnews

Бұған дейін Астанада Дженнифер Лопестің ғана емес, Крейг Дэвид, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның бірқатар үздік жұлдыздары өнер көрсететін музыкалық фестиваль өтетіні жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды