Дженнифер Лопестің Қазақстанда екі рет концерт беретіні белгілі болды

Сурет: Instagram/onthejlo
Америкалық эстрада жұлдызы Дженнифер Лопестің Қазақстандағы екінші концерті тамыз айында өтуі мүмкін, бірақ бұл жолы елордада емес, Алматыда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Qogam News эфирінің жүргізушісі Динара Сәтжанға Қазақстандағы J. Lo концерттерінің бас ұйымдастырушысы Мәлік Хасенов айтты.

"Қазіргі уақытта іс жүзінде Дженнифер Лопеспен арада екінші қосымша концерт өткізу туралы келіссөздердің соңғы кезеңі жүргізілуде", – деді ол.

Концерт Алматыда 2025 жылдың 10 тамызында өтеді деп жоспарланған. Ал билеттердің сатылымға қашан шығатыны, әзірге белгісіз. 

2025 жылдың сәуір айының басында америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Қазақстанда алғаш рет Up All Night әлемдік туры аясында 1 тамызда өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл жаңалық көрермендер арасында қатты дүрбелең туғызып, ақырында билет сататын сайтты "бұзып тынған". Салдарынан билет сатушы платформа қатты шығынға ұшыраған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды