Алматыда Земфираның концерті өтпейтін болды

Сурет: Instagram/zemfiralive
Танымал ресейлік рок-әнші Земфираның Қазақстанға келгенде жолы болмай тұр. Бүгін, 2025 жылдың 18 маусымында композитор осыған қатысты мәлімдеме жасады. Әнші 6 шілдеде Алматыда өтеді деп жоспарланған концерті болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Земфира Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Сәлеметсіздер ме? Менде жаман хабарым бар. Алматыдағы концертім өтпейтін болды", - дейді әнші өз үндеуінде.

Оның айтуынша, әу баста, бәрі дұрыс болмаған. 

"Келіссөз 4 ай жүрді, концерт алаңы анадан-мында, мынадан анда ауыстырылды, ақырында "Хан-Тәңірі" стадионына жетекшілік ететін ректор концерт өткізуіме ресми түрде бас тартты. Әрине, белгілі бір себептермен. Концертіме екі апта бұрын қалғанда осылай болды. Мен үшін "афиша" қасиетті дүние, сондықтан бұл жағдай маған түсініксіз". Земфира

48 жастағы әнші бұл жағдайға зор өкініш білдіретінін де жеткізді. 

"Мен барынша тырыстым, Қазақстан. Соңғы кездесуге дейін, томпақ тұстардың тігісін жатқызуға, әдемі қоштасуға тырыстым. Қалай дегенмен де  қазақ жұртшылығы тамаша, мен өткен барлық концерттерімдегі қолдауларыңыз бен қалдырған естеліктеріңіз үшін алғыс айтамын", – деп сөзін қорытады ол.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Қытай басшысымен кездесуі жайлы айтқанын жазғанбыз.

Ресей
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты