Белгілі кинорежиссер, сценарист Сламбек Тәуекел дүниеден озды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Белгілі кинорежиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сламбек Тәуекел 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен 2025 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті.

Министрлік белгілі кинорежиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері Сламбек Тілеуқабылұлы Тәуекелдің дүниеден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына, барша әріптестеріне қайғыра көңіл айтады.

"Сламбек Тілеуқабылұлы – қазақ киноөнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға. Тарихи-көркем фильмдердің бірқатарын дүниеге әкелген кәсіби режиссер, білікті сценарист әрі продюсер ретінде ұлттық руханияттың өркендеуіне еңбек сіңірген өнер қайраткері. Сонымен қатар Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарып, жас мамандардың тәрбиесіне де зор үлес қосты. Отандық кино тарихында, өнер мен мәдениет шежіресінде жарқын із қалдырған ардақты азаматтың ғибратты ғұмыры халқының жадында мәңгілік сақталады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын!", делінген көңіл айту хабарламасында.

Айта кетсек, Сламбек Тілеуқабылұлы Тәуекел - "Шұғыла" мультипликациялық фильмі сценарийінің (1975); 200-ге жуық мақала мен жарияланымның авторы, 1948 жылы 2 сәуірде Павлодар облысында дүниеге келген.

"Батыр Баян" (1993), "Махамбет" (2008), "Атажұрт" (2010) кинофильмдерінің қоюшы-режиссері. "Армысың, Наурыз!", (1991), "Жоғалған өлке" (1992), "Киіз үй гимні" (1991), "Наурыз" (1997),"Асанәлі" (1998),"Бір бала" (2004) және тағы басқа деректі фильмдердің режиссері.

Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, хатшысы.

Бұған дейін 3-7 шілде аралығында Қытайдың Чунцин қаласында 2025 жылы өтетін ШЫҰ кинофестивалінде Қазақстан екі фильм ұсынатынын жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды