Қайрат Нұртастың әйелі қуанышты жаңалығын бөлісті

Сурет: instagram/@zhuldyzabdukarimovaofficial
Қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова бүгін, 2025 жылғы 22 шілдеде Instagram-парақшасында оқырмандарына жағымды жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайрат Нұртастың жұбайы стористе Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінен алған құжаттың суретін жариялады. Ол былай деп жазған:

"Бүгіннен бастап ресми декретке шықтым. Қызық сезім деймін де. Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің, содан кейін өзіңе ай сайынғы жалақыны өтейсің, бұған қоса әлеуметтік пакет пен салық тағы бар, бұл енді үйреншікті жайт. Ал жүктілік кезінде "уақытша жұмысқа жарамсыз" деген бір жапырақ қағазды алғаш рет қолыма алып тұрмын".

Актрисаның айтуынша, бұл құжатты алу үшін біраз жүгіртуге тура келген.

"Машақаты көп екен. Сан түрлі құжаттар талап етіледі және оларды лупамен қарап шығады, сосын сұрақтың астына алады, бірнеше мекемеге жүгіртеді. Қысқасы сол декретті алу үшін де дәлелдеп жүресің", - деп жазды ол.

Кейінірек Әбдікәрімова өз оқырмандарының жылы лебізін де көрсетті — олар оған аман-есен босанып, жүктілік кезінде пәтер жөндеуімен айналысудың қиын екенін де айтқан.

"Жанашыр оқырмандарым. Қолдауларыңыз бен жылы лебіздеріңізге көп рақмет. Бұдан да өтемін", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді