Ақтөбеде мешіт ауласындағы оқиға: Рүстем Жүгінісов көптен кешірім сұрады

Сурет: видеодан алынды
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Ақтөбе мешіттерінің бірінің ауласында қыз балаға қырындаған ер адамның видеосы тараған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жайтты назарға алған полиция ер адамға қатысты хаттама толтырды. Қазір іс сотқа жолданғаны белгілі.

Көп ұзамай бұл оқиғаға қатысты ҚМДБ ресми мәлімдеме жасады. Діни басқарма ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет екенін баса атап өтті. Сол секілді қоғам өкілдері де пікір білдіріп, аталған оқиғаны қызу талқылады. Соның ішінде әнші Рүстем Жүгінісовтың пікірі көптің ашуын туғызған. Ол қыз бала немесе әйел адам мешітке ағасымен немесе күйеуімен бірге келуі керек деп пікір білдірген.

"Соңғы күндері тарап жатқан менің жазбаларыма байланысты түсініктеме бергім келеді. Бірінші жазбамда айтқандай, бұл жағдайда толықтай ер адамның жасағаны қате. Бұл - айқын. Дінімізде де "бір күндік неке" деген түсінік жоқ екенін тағы айтқым келеді. Ал, екінші жазбамда, өкінішке қарай, өз ойымды дұрыс жеткізе алмадым. Ойлана келе, сол сәттегі эмоцияның әсерімен кей сөздерімде қаттылыққа жол беріп, ойымды дұрыс жеткізе алмағанымды түсіндім. Бұл менің тарапымнан кеткен үлкен қателік екенін мойындаймын. Біз зайырлы елде тұрамыз, әр адамның өз таңдауы бар. Ешкімді белгілі бір көзқарасты ұстан деп мәжбүрлеу ойымда болған емес. Мен әр адамның шешімін сыйлаймын және құрметтеймін" деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында Рүстем Жүгінісов.

Бұған дейін Ақтөбеде әлем чемпионы атанған жас балуанға ел ағалары бір үйір жылқы сыйлағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты