Димаш Құдайберген жаңа шоуы туралы хабарлады

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 8 және 10 қазан күндері Мехикода шоу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

"Мексикадағы алғашқы жеке концерттің билеттері өте тез сатылып кетуіне байланысты жанкүйерлердің өтініштері бойынша "ДимашАли" шығармашылық орталығы Мехикодағы екінші Stranger шоуын жариялайды. Концерт 10 қазанда Palacio de los Deportes сарайында өтеді. Билеттердің алдын ала сатылымы 14 тамыз сағат 11:00-де Banamex-те ашылады. Жалпы сатылым - 15 тамыз, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00", - деп жазды әнші.

Шетелдік тыңдармандар бұл жаңалыққа ерекше қуанып жатыр:

– Мен сондай бақыттымын! Рақмет, Димаш, бұл — туған күнімдегі ең керемет сыйлық. Бір аптада үш концерт! Бұдан артық не керек!

– Бұл — сүйіспеншіліктің үлкен көрінісі. Көп рақмет, Димаш.

– Ғажап! Мексика қандай бақытты! Достар, мұндай мүмкіндіктен қапы қалмаңыздар!

– Құтты болсын, мексикалық достар, сіздер бұған лайықсыздар!

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі