Қазақстандық әнші "Новая волна" байқауы тарихында алғаш рет жеңіске жетті

Сурет: instagram/lim_0n
Қазақстандық әртістер "Новая волна – 2025" байқауында жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандық өнерпаз Александр Лим "Новая волна – 2025" халықаралық жас орындаушылар байқауында жеңімпаз атанды. Ол – осы фестивальде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық.

Әртіс әлеуметтік желілерде кавер-видеоларымен танымал болды. Әнші орыс, ағылшын, итальян, түрік және басқа тілдерде хит әндерді орындап, видеолары мыңдаған қаралым жинаған.

2018 жылы Александр "I’m a singer Kazakhstan" байқауына қатысып, жартылай финалға жетті. 2021 жылы ол танымал "Голос Украины" шоуына қатысып, Надежда Дорофееваның жетекшілігімен жасырын тыңдалымнан сәтті өтіп, нокаут кезеңіне дейін өнер көрсетті.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық орындаушы Ерназар Жұбан да жүлделі орынға ие болды. Былтыр ол Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық вокал байқауында бірінші орынды жеңіп алған еді. Әнші "Новая волна" додасында лайықты өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды.

Қазақстан
Қазақстан таланттары

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді