Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі аты аңызға айналған сахнада өнер көрсетуне санаулы күндер қалды

Сурет: Instagram/dimash.news
Кеше, 2025 жылғы 16 қыркүйекте, әлемдегі ең танымал мәдени ареналардың бірі — Madison Square Garden-нің Instagram парақшасында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концертінің аңдатпасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған бейнежазбада Димаштың бұған дейінгі өткен концерттерінен әсерлі үзінділер көрсетілген және оның астында мынадай жазба қалдырылған:

"Димаш Құдайбергеннің The Garden сахнасында алғаш рет өнер көрсетуіне 3 аптадан аз уақыт қалды! Билеттер саны шектеулі".

Бұл жазбаның астына Димаштың жанкүйерлері ізгі-тілектерін білдіріп, сәттілік тілеп жатты.

Бұған дейін Қазақстанда Димаш продюсерлік ететін музыкалық жоба түсірілуде екенін жазғанбыз. 

АҚШ
Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды