Бұл арада "Құдайдың сауыты: Ультиматум" атты атақты франшиза бойынша культтік дастанның төртінші бөлімінің түсірілімі туралы сөз болып отырғаны нақтыланады.
"Жоба талқысы Бейжіңде болды, ал Қазақстанда іс жүзінде іске асырылатын болады. Бұл - әйгілі франшизаны сәтті жалғасы және бүкіл әлем бойынша Джеки жанкүйерлерінің миллиардтаған аудиториясына арналған тың дүние айналасында күш пен ресурстарды біріктіруге тамаша себеп", – деді Salem Entertainment бас директоры Игорь Цай.
Сурет: Sәlem Entertainment
"Құдайдың сауыты" франшизасы 1986 жылы тізгін қағып, ондаған жылдар бойы бүкіл әлем көрермендерінің жүрегін жаулап келеді. Төртінші бөлім - "Құдайдың сауыты: Ультиматум" - жекпе-жек өнері, әзіл-оспақ және ауқымды шытырман оқиғаларды бір жанрда тоғыстыратын дастанның дәстүрлі жалғасы.
Қазақстанда жүрген Джеки Чанның суреті әлеуметтік желіде 2025 жылдың 25 қыркүйегінде пайда болды. Кейінірек аты аңызға айналған актердің өзі де Қазақстанның оңтүстік астанасында түскен фотосуреттерді жариялап, өзінің бұл сапары туралы құпиямен де бөліскен болатын.