Instagram арқылы ол, алдымен Дариға Бадықова мен оның бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың арасындағы дауды қызу талқылап жатқандарға жүгініп, басу айтты:
"Халайық, тоқтатыңыздар! Құдайым-ай, не болып жатыр өзі?... Бүкіл ел болып бөтен біреудің іш киімін сөз етіп. Отбасының жеке кеңістігіне ешкімнің араласуға құқығы жоқ", деп жазды Баян Алагөзова Stories-інде.
Актрисаның бұрынғы жұбайы да продюссердің назарынан тыс қалмады.
"Дархан, ер азамат емессіз бе?.. Соған лайық болыңыз. Бұл арада халықтың, туыстар мен сыныптастардың не қатысы бар?", - деді Алагөзова Мұсаевқа қарата.
Баян Алагөзованың бұлай деуіне Бадықованың бұрынғы күйеуінің желідегі үндеуі түрткі болған. Ол актрисаны тікелей эфирге шақырып, журналистке сұқбат беруін сұраған. Онда да халықтың, туыстардың, көршілері, әріптестері, сыныптастарының арадағы жағдайға өз бағаларын беруі үшін.
Айта кетсек, Дариға Бадықова мен Дархан Мұсаевтың арасындағы дау отандық бағдарламалардың біріне актрисаның бұрынғы жұбайының өздерінің не себепті ажырасқандарын айтқаннан кейін орын алды. Кейінірек "Келінжан" телехикаясында Айсара рөлін сомдап, көптің көзайымына айналған актриса өз ақиқатын айтып, отбасына қатысты мәліметтерді жайып салды.
Бадықова мен Мұсаев 16 жыл бірге некеде болып, 2024 жылдың күзінде ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасқан. Актрисаның айтуынша, басты рөлдерді сомдаған фильмдер шыққаннан кейін отбасындағы шиеленіс күшейе түскен.