Әуежайдағы жанкүйерлер мен CNN сұхбаты: Димаш Лондонға келді

Сурет: dimashnews
2025 жылғы 10 қыркүйекте Димаш Құдайберген Барселонадан Лондонға ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежайда әншіні жанкүйерлері туларымен, сыйлықтармен және гүлдермен қарсы алды. Dears фан-клубтарының өкілдері сүйікті орындаушысын қарсы алу үшін арнайы дәліз жасап, қоршауларға өздерінің туы мен баннерлерін іліп қойды.

Сурет: dimashnews

Жанкүйерлер Димашты көлікке дейін шығарып салып, Испаниядағы концерттен алған әсерлерімен бөлісті. Әнші жол-жөнекей қолтаңба беріп, бірге суретке түсіп, өз жанкүйерлеріне жылы қарсы алғандары үшін алғысын білдірді.

Әнші өзінің Instagram парақшасында CNN арнасында тікелей эфирде берген сұхбатының үзіндісімен бөлісті.

Димаг Құдайбергеннің Лондондағы концерті 12 қарашада Ovo Arena Wembley-ге жоспарланған.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз