Қазақ киносының "Қожасы" – Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Белгілі актер, сценарист, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі естіртіп, марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды.

Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа" фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты