Ерке Есмахан 3 жылдық демалысынан кейін өнерге қайта қадам басуда

Сурет: Instagram/erke_esmahan
Қазақстандық әнші Ерке Есмахан оқырмандарын бірнеше күннен бері толғандырған жаңалығымен бөлісті. Жұлдыз 3 жылдық үзілісінен кейін өнерге қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнер иесі жағымды жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. "Қайда?" хитінің орындаушысы Ерке Есмахан 2026 жылғы 19 шілдеде күйеуі, әнші Райымбек Бақтыгереевтің (Raim) өзіне арнап шығарған әнінен үзінді жариялады. Әнде Raim сүйіктісін жарқырап, ән айта беруге шақырады. Сондай-ақ ол Еркенің дауысын аңызға айналған Бибігүл Төлегенованың үнімен, ал сахнадағы өнерін эстрада әншісі Мақпал Жүнісовамен салыстырады.

"Сен менің сүйікті жарым, балаларымның анасы, әулетімнің келіні ғана емес, халықтың ерке әнші қызысың", – деп күйеуім шығармашылығымды шыңдауға қанаттандырып жіберді. Сөйтіп: "Жаным, жарқырап, ән сал", – деп, өнерге жаңа леппен оралуыма шабыт берді. 3 жыл декретте отырғанда жазылмаған әндерімді бір альбомға сыйдырдым. Жаңа өнімім, жасырған жаңалығым осы. 6 ай дайындалған 9 ән мен 9 бейнебаян сіздерді күтуде. Жуырда!",- деп жазды Ерке Есмахан.

Ол альбомның "Дауыс" деп аталатынын да мәлімдеді.

Өз кезегінде, жұлдызды жұптың жанкүйерлері бұл хабарға шын қуанғандарын жасырмады. Әншіге қолдау білдіріп, жаңа хиттерді күтетіндерін айтты.

Бұған дейін әлемге әйгілі әнші Рики Мартин Алматыға келгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Есмахан Ерке

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты