Димаш Құдайберген әлемдік турының концепциясын таныстырды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 18 тамызда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты әлемдік турының алғашқы бөлімінің концепциясын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің Instagram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, турдың алғашқы бөлімі "Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы" деп аталады.

Жоба мына тақырыптарға арналған:

Ал концепцияның негізгі түсі — қою қызыл.

"Композицияның ортасында Димаштың бейнесі орналасқан. Оның айналасында әртүрлі образдар бар. Олар әншінің шығармашылық жолындағы түрлі кезеңдері мен көңіл күйін бейнелейді", — делінген сипаттамада.

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

Шеңбер түріндегі композиция адамның ішкі әлеміне бағытталған тұйық визуалды циклді білдіреді.

"Яғни DIMENSIONS — уақыт пен кеңістікті шарлау емес, адамның өз болмысымен бетпе-бет келіп, өзін толық қабылдайтын ішкі жолы", – дейді әншінің командасы.

Қазақстандық әншінің әлемдік туры 18 қазанда Польшаның Краков қаласында басталады.

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

Осылайша, Димаштың 29 тамызда Қарағандыда өтетін мерекелік концерттегі өнер көрсетуі әлемдік тур алдындағы Қазақстан сахнасындағы соңғы концерті болуы мүмкін.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған