Фильмдер мен сериалдарды интернетсіз қалай көруге болады

Сурет: MEGOGO
Ұзақ жол, ұшу немесе қала сыртына шығу — сүйікті контентіңізден қол үзуге себеп емес. MEGOGO қосымшасының көмегімен фильмдерді, сериалдар мен аудиокітаптарды смартфонға немесе планшетке алдын ала жүктеп алып, интернет байланысы нашар немесе мүлдем жоқ жерде де тамашалауға болады.

Ол қалай жұмыс істейді?

Барлығы өте қарапайым: MEGOGO қосымшасынан фильмді, сүйікті сериалыңыздың бөлімін немесе аудиокітапты таңдап, мобильді құрылғыңызға жүктеп алыңыз – сонда контент офлайн режимде қолжетімді болады. Ең бастысы – интернет бар кезде, алдын ала қамдану.

Ұшақта, пойызда немесе автобуста тұрақты интернет әрдайым бола бермейді. Ал Қазақстанның кейбір өңірлерінде мобильді байланыс әлсіз болуы немесе мүлдем үзіліп кетуі мүмкін. MEGOGO-ның офлайн режимі байланыс сапасына тәуелді болмауға көмектеседі: жол үстінде кино көруге, ұшу кезінде сериалды жалғастыруға немесе терезе алдындағы көріністерге көз тастап, аудиокітап тыңдауға болады.

Контентті көңіл-күйіңізге қарай таңдаңыз: ұзақ сапарға қызықты триллер, қысқа ұшуға жеңіл комедия немесе жайлы саяхат үшін аудиокітап. Кейін желі іздеп әуре болмау және жүктелуін күтіп уақыт жоғалтпау үшін барлығын алдын ала дайындап алған жөн.

Жолға нені жүктеп алуға болады: MEGOGO-дағы туындылар жинағы

Кез келген көңіл-күйге арналған кинохиттер:

Алғашқы бөлімінен-ақ баурап алатын сериалдар:

Көз талған кезде тыңдайтын аудиокітаптар:

Жақсы оқиға желі сигналына тәуелді болмауы керек. Сапарыңызды жоспарлаңыз, не көретініңізді немесе тыңдайтыныңызды таңдаңыз да, MEGOGO-мен бірге жолға шығыңыз.

Ал жолға дайындық туралы алаңдамау үшін қосымшадағы "Автожүктеу" ("Автозагрузка") функциясын қосып қойыңыз. Ол қажетті фильмдер, сериялар немесе аудиокітаптар дер кезінде қолжетімді болуы үшін сүйікті контентіңізді құрылғыға алдын ала сақтап береді. Сізге тек не көретініңізді немесе не тыңдайтыныңызды таңдау ғана қалады.

Серіктестік ақпарат

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін