Әншінің өзі әлеуметтік желіде қырғыз халқына жалынды сәлем жолдап үлгерді.
Бішкекке жеткен әнші Instagram-дағы желісінде сурет жариялап, оның сипаттамасына "Сәлем, Қырғызстан!" деп жазды.
Сурет: Instagram/shakira
Бүгін, 18 қазанда Шакира "Бишкек Арена" стадионында өнер көрсетеді. Концерт Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік турнесі аясында өтеді. Бұл - әншінің Орталық Азиядағы алғашқы концерті.
Бұған дейін есірткі контрабандасы бойынша күдікті ретінде Жамбыл облысында ресейлік танымал музыкант әрі рэпер Navai (шын аты-жөні – Наваи Бакиров) қамауға алынғаны хабарланған.