Атырауда жасөспірім қыз үшінші қабаттан құлап кетті

inform.kz
5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2005 жылғы қыз бала абайсызда құлап кетті.

Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданында 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2005 жылғы қыз бала абайсызда құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Жапа шеккен жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

ТЖК баспасөз қызметі балалардың тұрғын үйдің терезесі немесе балконынан құлап кету оқиғалары көбінесе ата-аналар балаларын қараусыз қалдырғанда болатынын ескертті және оның алдын-алу амалдарын ұсынды.

«Кішкене балаларды жалғыз қалдырмаңыздар. Масадан қорғайтын тор баланы терезеден құлап кетуден сақтамайды. Керісінше кейбір қайғылы оқиғалар сондай торлардың кесірінен болады. Бала терезеге қалай сүйенсе, оған да солай сүйенуге болады деп ойлап қалады. Осының кесірінен қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Мүмкіндігінше үстіңгі терезені ашыңыз. Астыңғы бөлігін ашпауға тырысыңыз. Балаға терезеден бір нәрсе көрсетер болсаңыз, оны мықтап ұстап тұрыңыз. Бала кез келген сәтте қалт қимылдап қалуы мүмкін. Алақаныңыз құрғақ болуы керек және оны киімінен емес, денесінен мығым ұстаңыз» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметі бөлмені желдеткен кезде онда бала қалып қоймағанын тексеру керектігін ескертеді. Одан бөлек, балконның да бала өміріне қауіп тудыратынын еске салады.

«Бөлмені желдеткен кезде бала қараусыз қалмасын. Оларға жалғыз өзі балконға шығуға болмайтынын ескертіңіз. Ұйықтап жатқан баланы үйде жалғыз қалдырмаңыз, ол оянып кетіп, балконға шығып кетуі мүмкін. Терезенің алдына жиһаз қоймаңыз. Бала сол арқылы терезенің алдына шығып кетуі мүмкін», - деп жазады ТЖК.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды