Алматыда Lada көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апатын ұйымдастырды

zakon.kz
Үш адам зардап шекті.

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жол көлік оқиғасының қатысушылары айтқандай, олар Рысқұловтың бойымен шығыс бағытта ақырын жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Кенеттен қарама-қарсы жолақтан Lada 21099 көлігі атып шыққан. Көлік қарсы бетте келе жатқан жүк көлігіне тура жүріп келе жатқан, бірақ соңғы сәтте Lada ортаңғы жолаққа, солға бұрылған, сосын бірден оңға бұрылып, жүк көлігінің артқы дөңгелегіне соққан. Ары қарай Lada көлігі өзінің жолағымен жүруді жалғастырады, бірақ көлік қайтадан қарсы жолаққа шығады. 200 метрден кейін тағы да қарсы бағытта келе жатқан Mercedes ML көлігімен соқтығысады. Соққының әсерінен көлікті оң жаққа лақтырып жібереді.

Неміс көлігінің артында Lexus келе жатады. Оның жүргізушісі алдағы болып жатқан оқиғаны көріп, көлікті тоқтатуға тырысқанымен үлгермей қалады да, Mercedes көлігімен соқтығысады. Lada да Lexus көлігіне тиіп кетеді.

Барлық соққыдан кейін Lada көлігі тоқтап, көліктен түтін шыға бастайды. Куәгерлер мен апатқа түскен адамдар көліктің өртенуіне жол бермеген.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. Mercedes жүргізушісі, оның жолаушысы және Lada көлігінің егде жастағы жүргізушісі. Соңғы екеуі ауруханаға жеткізілді.

Lada жолаушысының айтуынша, көліктің рөлі қатып қалып, басқаруға келмей қалған көрінеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек