Астанадағы №2 балалар ауруханасының дәрігерлері "Жаннұр" сауда үйінің жанында аударылған батуттан зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайы туралы айтты. Батут аударылған соң балалар жан сақтау бөліміне түскен еді, деп хабарлайды Today.kz.
Зардап шеккен бес бала да ем алып жатыр.
Қазіргі таңда жан сақтау бөлімінде сүйек-ми жарақатын алған бір қыз жатыр. Аурухананың бас дәрігері Біржан Досмайыловтың сөзінше, жәбірленушінің жағдайы тұрақты ауыр, оған ота жасалған.
Басқа балалар, дәрігердің сөзінше, травматология мен нейрохирургия бөлімдеріне ауыстырылған.
Олардың бәрі де дәрігердің бақылауында. Жағдайлары тұрақты. Екі балаға ота енді жасалады.
"Бір бала жан сақтау бөлімінде жатыр, төрт бала профильді бөлімде, бүгінге дейін жан сақтау бөлімінде үш бала болды. Бүгін тексерістен кейін екі баланы профильді бөлімге ауыстыру шешімі қабылданды. Үш баланың жағдайы ауыр болды. Болжам жасауға да болмайтын еді. Осы жағдайға байланысты бәріміз балаларды уайымдап жүрміз. Болжам жасамай-ақ қояйын. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, шетелдік мамандардың кеңесіне жүгіндік", – деді Біржан Досмайылов.
Естеріңізге салайық, 4 мамырда Астанада "Жаннұр" сауда үйінің жанында қатты соққан желдің салдарынан балалар ойнайтын батут аударылып кетті. ІІМ төтенше жағдайлар бойынша медициналық апат Комитетінің ақпаратынша, зардап шеккен балалар 4-10 жас аралығында. Алдын ала диагноздары: жартылай жарақат алу, жабық сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ самайдың гематомасы, оң жақ тоқпан жіліктің созылуы, сол жақ жіліншіктің жарақаттануы.
Батут қадалып тұрған жерінен 20 метрге ұшып кеткен.
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев болған оқиғаға кінәлілердің жазаланатынынайтты.