19 жыл жасырынып келген қылмыскер Алматы маңынан ұсталды

Сурет: zakon.kz
Көксу ауданының полицейлері 19 жыл бойы жасырынып келген қылмыскерді ұстады.

Алматы облысының полицейлері үш күн ішінде арнайы рейд жүргізіп, іздеу салынған 20-дан астам қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ІІД хабарлауынша, Талдықорғанның және Кербұлақ, Талғар аудандарының полицейлері іздеуде жүрген тоғыз адамды тауып, қамауға алды.

Көксу ауданының полицейлері 19 жыл бойы жасырынып келген қылмыскерді ұстады.

Бұдан басқа облыстың тәртіп сақшылары сәуір айында аса ірі көлемде ақша ұрлаған әйелді Алматыдағы әріптестеріне ұстап берді.

Сонымен қатар халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан, Ресейден шыққан үш қылмыскер табылды. Енді оларды елдеріне жібереді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты