Алматыда ер адам сынған ағаштың астында қалды

Сурет: zakon.kz
Оқыс оқиға Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында болған.

Алматыда ер адам сынған ағаштың астында қалды. Басынан жарақат алған тұрғын шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында болған.

Куә болған адамдардың айтуынша, жүк көлігін тиеп алған манипулятор Шаляпин көшесімен батысқа бағыт алып бара жатқан. Сол сәтте көліктің бүйірі ағашқа оралған троллейбус сымдарын іліп кеткен.

Тұрғындардың айтуынша, коммуналды қызмет өкілдері троллейбус сымдарын ағашқа орай салған екен.

«Бұл жерде бетон баған болған. Былтыр оған көлік соғылып, баған сынған болатын. Содан апаттық қызмет өкілдері келіп, сымдарды ағашқа орап кеткен», - деді тұрғындар.

Сым оралған ағаш сынып кетіп, қасында тұрған ер адамның үстіне құлады.

Ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында қазір апаттық қызмет жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты