Алматыда болған өрттен сексеннен аса адам құтқарылды

Stan.kz
Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.

Алматыда бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараз өртенді, деп хабарлайды Stan.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Әуезов ауданы, Саин көшесінің бойында орналасқан 14/1 тұрғын үйінде болды. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шаштараз орналасқан тұрғын үй ғимаратының 1 қабатында басталған. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.

«21: 24-те кіре берісте түтін пайда болғаны туралы хабар келді. Алғашқы өрт сөндірушілер 9 минут ішінде аталған мекен-жайға келді. Өрт сөндірушілер келген сәтте 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Арай» шаштаразы өртеніп жатыр екен. Қою түтіннің салдарынан жоғарғы қабатта тұратын тұрғындар эвакуация жолын пайдалана алмаған. Өрт оқиғасы кезінде 81 адам құтқарылды. Оның 16-сы – балалар. Жоғарғы қабаттағы тұрғындарды механизацияландырылған автосатылармен құтқару шаралары ұйымдастырылды», – деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды