Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді жер иесі атып кетті

otyrar.kz
Дәрігерлер зардап шеккен балаға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалды.

Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді белгісіз азамат мылтықпен атып кеткен. Оқыс жағдай 16-шы шілде күні кешкісін сағат 20:00 шамасында «Достық» шағынауданында болған деп жазады Оtyrar.kz.

Жасөспірім достарымен бірге қой бағып жүреді. Осы кезде жердің қожайыны жерді босат деп балаға келіп ескерту жасап кеткен. Бірақ ешнәрседен қауіптенбеген жеткіншек малын бағып жүре берген.

Арада аз уақыт өткен соң қымбат көлікпен келген жер қожайыны балаға бірнеше рет оқ атып, жаралап кеткен.

«Оқ атқан үлкен кісі. Мал жайып жүрген едім, малды бұл жерден шығар деді, шығармадым. Мылтықпен келіп атып кетті» дейді зардап шеккен жасөспірім.

Дәрігерлер зардап шеккен балаға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалды. Мамандардың сөзінше, баланың бірнеше жеріне оқ тиген. Оқыс жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды