Өскеменде зейнеткердің 12 млн теңгесін ұрлап кетті

ҚазАқпарат
Ол бұған дейін де сотты болған.

Елорда тұрғынынан 15 келі есірткі заты тәркіленді. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Демалыс күні Астана қалалық ішкі істер департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері бұған дейін сотты болған елорда тұрғынын ұстады. Оның тұрғылықты мекен-жайынан 15 келіден астам есірткі заты тәркіленді», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар, Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері жеке кәсіпкерге қарулы шабуыл жасаған екі күдікті қолға түскен. Олар зардап шегушіден 10 млн теңге тартып алған.

Ал Өскемен қаласында зейнеткерді 12 млн теңгеге тонап кеткен облыс тұрғыны ұсталды. Ол бұған дейін де сотты болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды