Қарағандыда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Baq.kz
Оқыс оқиға 2018 жылдың 14 шілдесі күні орын алған.

Қарағандыда жедел медициналық көмек көрсететін автокөлік жол апатына ұшырады. Жедел жәрдемге жолдың қарсы бетінде келе жатқан жол талғамайтын «Toyota Prado» автокөлігі соғылған. Соққының қатты болғандығы соншалық, жедел жәрдем бір жағына қарай аударылып кеткен, деп xабарлайды Baq.kz.

Оқыс оқиға 2018 жылдың 14 шілдесі күні орын алған. Қарағандының Федоров көпірінің үстінде жедел жәрдем көлігі мен «Toyota Prado» соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Жол-көлік оқиғасынан 4 адам зардап шеккен. Олар ауруxанаға жеткізілді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Prado» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарама-қарсы келе жатқан жедел медициналық қызмет көрсету көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Prado» автокөлігінің жүргізушісі, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауруxанаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына ұшыраған жедел жәрдем көлігі Облыстық балалар клиникалық ауруxанасына тиесілі», - дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты сараптама тағайындалған, сәйкесінше тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды