Павлодарда сыған әйел 92 жастағы кейуананы тонап кетті

Хабар 24
92 жастағы тұрғынға көшеде 35-40 жастағы сыған әйелі жақындап, оның ұлын танитынын айтқан.

Павлодарда әйел қарияның сеніміне кіріп, 160 мың теңгені қолды еткен, деп хабарлайды Хабар 24.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше Павлодар қаласының 92 жастағы тұрғынына көшеде 35-40 жастағы сыған әйелі жақындап, оның ұлын танитынын айтқан.

«Кейін әжейдің неге дүкенге жалғыз баратынын, кіммен тұратынын сұрап білген. Еш күдіктенбеген қария ұлының танысымын деген адамға бар сырын айтып берген. Балаларының Ресейде тұратынын білген соң денсаулығы туралы әңгімелесе отырып, аяғына массаж жасап берейін деген ұсыныс жасаған. Үйге кірген соң, алаяқ әжейді диванға жатқызып массаж жасаған, сосын 10 мың теңге ақша сұраған. Қария еш ойланбастан сөреден ақшаны алып берген, ал алаяқ арам ісін жалғастырып, ұйқыға кеткенше күткен, артынан 160 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткен. Сонда бірақ әжей өзінің алданғанын білген», - деді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысты жасаған күдіктіні ұстау және анықтау бойынша іс-шара жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған