Қызылордада полицияның бетін тырнаған келіншек сотталды

ҚазАқпарат
Сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін ішінара мойындады.

Қызылорда облысы Қазалы аудандық соты мас күйде полиция қызметкерінің бетін тырнаған азаматшаға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға былайша өрбіген. Мас күйдегі азаматша Р-ны Қазалы стансасының Желілік ішкі істер бөлімшесінің патрульдік полиция қызметкері тоқтатады. Әйел болса полиция қызметкеріне бағынбай қарсылық көрсетеді. Тәртіп сақшысының бетін тырнап алады.

«Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін ішінара мойындады. Ол ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген аудандық сот таратқан хабарламада.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады