Атырауда лифт істен шығып, екі адам жарақат алды

Сурет: zakon.kz
Лифт ішінде болған 24 жастағы әйел мен 6 жасар бала түрлі жарақат алған.

Кеше сағат 23.00 шамасында Атыраудағы Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің үшінші қабатында лифт құлады, деп хабарлайды Baq.kz.

Лифт ішінде болған 24 жастағы әйел мен 6 жасар бала түрлі жарақат алған. Олар облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

Бұл оқиғаны жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте түсіндіргендей, «лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа қарай артық салмақ салдарынан күрт тежелуі орын алған». Осы подъезд тұрғындарының айтуынша, 2013 жылы олардың лифтісі ауыстырылған, бірақ содан кейін ол бірнеше рет бұзылған.

Атырауда 114 үйде 301 лифт бар. Олардың 266-сы жолаушылар және 25-і жүк лифтісі, 19-ы істен шыққан.

Естеріңізге салсақ, 21 мамырда осы ықшамауданда жұмыс істемей тұрған лифтінің шахтасына құлап, екі жасөспірім қаза тапқан болатын. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады