Байқоңырдағы апат: құтқарушылар жерге қонған капсуладан ғарышкерлерді шығарып алды

Sputniknews.kz
Бүгін Байқоңырда "Союз" зымыранын ұшыру кезінде апат болды.

Байқоңырда "Союза" зымыраны апатқа ұшырағаннан кейін жерге қонған экипажды құтқарушылар тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экипаж мүшелері — ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аман, жарақат алмаған.

"Біз іздестіру-құтқару командасынан хабар алдық, олар экипаж қонған жерге жетті. "Союз" командасы капсуладан шығарылды", — деп хабарлады трансляция кезінде NASA өкілі.

"Дәрігерлер Алексей Овчининнен де, Ник Хейгтан да жарақат тапқан жоқ", — деп хабарлады Риа Новостиге Байқоңырдағы дереккөз.

Оның айтуынша, ғарышкерлер отырған капсуланы апатқа ұшыраған зымыраннан автоматтық режимде апаттық құтқару жүйесі ажыратып жіберген.

Экипаж мүшелері Байқоңырдағы қалалық госпитальға жеткізіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты